Ол жуырда бокспен қашан қоштасатынын айтқан еді
Наурыз айында Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарған Назым Қызайбай өз жанкүйерлерінің сүйіспеншілігіне бөленді. Үш дүркін әлем чемпионы атанған боксшы түрлі іс-шараға қатысып жүргеніне қарамастан, жаттығуын ұмыт қалдырмай келеді.
Желіде кезекті жаттығу барысынан бейнежазба жариялаған танымал боксшы ауа райының өте қолайлы болып тұрғанын атады.
«Күн керемет болсын! Кезекті жүгіруден кейінгі сергу сәті», - деп жазды боксшы.
Естеріңізде болса, таяуда ауызашар беріп, шүкірлік айтып, той өткізген Назым Қызайбай бірқатар ел ағаларына құрмет көрсеткен еді. Олардың қатарында белгілі боксшы Қанат Ислам, кәсіпкер Бауыржан Оспанов сынды азаматтар бар.
Сондай-ақ, боксшы тұрмысқа шыққан жағдайда бокспен бір жола қоштасатыны туралы айтқан болатын.