Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Дмитрий Бивол енді абсолютті әлем чемпионы емес

Редактор
08.04.2025, 12:55

Ол аталған атақпен тек 1,5 ай ғана уақыт жүрді

DAZN

Дмитрий Бивол жартылай ауыр салмақтағы WBC чемпиондық белбеуінен мәжбүрлі түрде бас тартты. Артур Бетербиевті жеңгеннен кейін WBC Биволға бірден уақытша чемпион Давид Бенавидеспен жекпе-жек өткізуді міндеттеп, мұны кейінге қалдыруға болмайтыны туралы талап қойған еді.

Бивол Бетербиевпен үшінші жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр, сондықтан да ол белбеуден бас тартты. Бір қызығы, Бенавидес екінші орта салмақта өнер көрсетіп жүргенде, талай рет Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізуге ұмтылған, бірақ ол кезде WBC мен оның президенті Маурисио Сулейман (Мексика) Альвареске мұндай қатаң талап қоймаған еді. 

Биволдың өкілдері де бұл ұйым әрекетін сынағанымен, Сулейман оларға салқынқанды жауап қатқан.

«Біз Биволға сәттілік тілейміз және Давид Бенавидестің WBC-дің жартылай ауыр салмақтағы жаңа әлем чемпионы екенін ресми түрде растаймыз», - деді ол.

Бүгінде әлемдік бокста бір ғана абсолютті әлем чемпионы бар: ол – екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін жапониялық Наоя Иноуэ.

Төрт белбеу сарапқа салынған дәуірде (WBC, WBA, IBF, WBO) 2006 жылдан 2018 жылға дейін абсолютті чемпиондар болмаған. Бірақ кейін мынадай чемпиондар шықты:

  • Теренс Кроуфорд (бірінші жартылай орта және жартылай орта салмақ)
  • Александр Усик (бірінші ауыр және ауыр салмақ)
  • Джош Тейлор (бірінші жартылай орта)
  • Сауль Альварес (екінші орта)
  • Джермелл Чарло (бірінші орта)
  • Девин Хейни (жеңіл салмақ)
  • Наоя Иноуэ (жеңіл, екінші жеңіл)
  • Артур Бетербиев (жартылай ауыр)
  • Дмитрий Бивол (жартылай ауыр)

Айта кетерлігі, WBC-дің міндетті үміткерлерінің қатарында қазақстандық спортшы да бар – орта салмақтағы чемпион Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) 6 мамырға дейін Мейірім Нұрсұлтановпен (20-0, 11 KO) жекпе-жек өткізуге келісу туралы келісімге келуі тиіс.

Жарнама
Жарнама