Дәурен Елеусінов WBC Silver белбеуі үшін жұдырықтасатын болды

Редактор
16.01.2024, 08:16

Жекпе-жек наурызға жоспарланған

Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусіновтің (11-3-1, 10 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды деп хабарлайды BoxRec.com.

Қазақ боксшысы биыл наурыз айында ирландиялық Каллум Уолшпен (9-0, 7 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden Theater кешенінде өтеді деп жоспарланған. Қос боксшы WBC Silver белбеуін сарапқа салады.

Айта кету керек, Каллум Уолш әйгілі промоутер Том Леффлермен жұмыс істейді. Леффлер бұған дейін Геннадий Головкиннің де промоутері болған.

Ал, Дәурен Елеусінов болса соңғы жекпе-жегін былтыр қазанда Стамбұлда өткізіп, танзаниялық боксшы Пиус Мпендеге жеңіліп қалған.