Махмұд кореялық Жаеонг Шинпен жұдырықтасады
Астанада өтіп жатқан бокстан әлем кубогының екінші жарыс күнінде 6 қазақстандық боксшы рингке шығады.
Күндізгі сессия – сағат 14:00
1-жұп | 54 келі
Феруза Казакова (Өзбекстан, Азия чемпионы) – Әнел Сақыш (Қазақстан);
5-жұп | 55 келі
Махмұд Сабырхан (Қазақстан, әлем чемпионы) – Жаеонг Шин (Корея);
9-жұп | 80 келі
Нұрбек Оралбай (Қазақстан) – Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан);
Бұл жұп Париж Олимпиадасының ширек финалында кездескен.
Кешкі сессия – сағат 19:00
4-жұп | 75 келі
Надежда Рябец (Қазақстан) – Вивиана Дос Сантос Перейра (Бразилия);
2021 жылы «Странджа» турнирінде осы қарсыласын жеңген.
6-жұп | 60 келі
Серік Теміржанов (Қазақстан, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері) – Якоб Кассар (Жаңа Зеландия, жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері);
11-жұп | +90 кг
Жекпе-жек қатысушылары кейінірек нақтыланады.
Айта кетейік, Астанадағы Әлем кубогында 31 мемлекеттен келген 300 боксшы бақ сынайды.
Бұл қатысушылар саны бойынша өзіндік рекорд саналады. Себебі Бразилиядағы турнирге 19, Польшадағы бәсекеге 24 елден боксшылар қатысқан болатын. Сондай-ақ 8 мемлекет Әлем кубогына алғаш рет қатысып жатыр.