Мұхтархан Ділдәбеков Айбек Оралбайдың әлсіз тұсын атады

Редактор
03.07.2025, 14:47

Даңқты боксшы өзінің қалай жеңіске жеткенін айтты

ҰОК

Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Ділдәбеков аса ауыр салмаққа ауысқан Айбек Оралбай туралы пікір білдірді.

Даңқты боксшының айтуынша, Астанадағы Әлем кубогында өнер көрсетіп жатқан Оралбайға шарша алаңда жылдамдықты үдету керек.

«Айбек – жеңілдеу салмақтан ауыр салмаққа ауысқан боксшы. Сондықтан қимыл-қозғалысы өзгерген. Сондықтан жылдамырақ қимылдауға үйретіп жатырмыз. Себебі қай спорт түрінде болсын жылдам қимылдаған адам жеңіске жетеді. Кім соққысын бірінші болып дарытса, соның мүмкіндігі көбірек. Мұны Айбекке де, командадағы басқа жігіттерге де айтамын. Мен де соның арқасында жеңгенмін. Кезінде кубалық қарсыласымды бір жарым жыл зерттеп, содан жылдамырақ әрекет етуге тырыстым», - деді Ділдәбеков.