Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Әлімханұлы бокстағы басты мақсатын атады

Редактор
Бүгін, 12:52

Жәнібек соңғы жекпе-жегін 5 сәуірде өткізген

Әлеуметтік желі

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы дивизиондағы барлық басты чемпиондық белбеуді біріктіруді басты мақсат етіп отырғанын айтты.

«Абсолютті чемпион - бұл бокстағы шынайы биік. Мен дәл соған қарай бет алып келемін. Менің салмақ дәрежемде менің алдымда тұрған ешкім жоқ», - деп жазды Жәнібек әлеуметтік желідегі Х (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Айта кетейік, орта салмақтағы WBC белбеуі доминикандық Карлос Адамекес, ал WBA титулы жасы келген кубалық Эрисланди Лараға тиесілі.

Жәнібек соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 5 сәуірінде Астанада өткізіп, француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңіп, IBF және WBO белбеулерін сәтті қорғаған болатын.

Енді ол Адамеспен жекпе-жекке шығуды көздейді, алайда доминикандық боксшы чемпиондық атағын сарапқа салуға асығар емес.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама