Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Алыптар шайқасы»: Қазақ-өзбек боксшылары аса ауыр салмақта кездеседі

Редактор
Бүгін, 14:17

Бұл екі спортшы үшін де кәсіби бокстағы дебюттік жекпе-жек болмақ

instagram.com/rdproboxing

17 қазан күні Алматыда өтетін бокс кешінде Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары шаршы алаңда жолығады.

Кештің басты оқиғасы – аса ауыр салмақтағы Қазақстан–Өзбекстан айқасы. Қазақ боксшысы Бекжан Бакиров өзбек спортшысы Асадбек Джураевқа қарсы шығады. Бұл кездесу екі спортшы үшін де кәсіби бокстағы дебюттік жекпе-жек болмақ. Бұған дейін екеуі де ММА мен жалаңқол жекпе-жектерде тәжірибе жинаған.

Аю — қазақ жанкүйерлерінің сүйіктісі. Оның әрбір жекпе-жегі көрерменге керемет әсер қалдырады, ал соққылары мен комбинациялары залды дүр сілкіндіреді. Оның қарсысы 23 жастағы Өзбекстанның бокс пен ММА чемпионы, сондай-ақ қолма-қол ұрыстан спорт шебері. Бокс ережелері бойынша өтетін айқаста кім жеңіске жетеді?, – делінген RD Promotion ақпаратында.

Кештің негізгі жекпе-жегінде жергілікті боксшы Алишер Абдулалим (5 жеңіс, 3 нокаут) Таиландтан келген тәжірибелі қарсылас Пхумиритдет Чонлатхондамронгкунмен (19 жеңіс, 17 нокаут) күш сынасады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама