Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Өзбек боксының қорқынышы» атанған боксшы Қазақстан чемпионатында жеңілді

Редактор
20.10.2025, 15:41

Финалда оны Бейбарыс Жексен күтіп тұр

ҰОК

«Өзбек боксының қорқынышы» атанып кеткен Оразбек Асылқұлов Қазақстан чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.

Семейде өтіп жатқан ел чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ең тартысты жекпе-жектердің бірі – Оразбек Асылқұлов пен Серік Теміржанов арасындағы кездесу болды. Екі түрлі стиль, екі мінез, екі тәжірибелі әрі дарынды боксшы. Бұл жұптың айқасы көрермен күткен деңгейде өтті.

Бірінші раунд, негізінен, Асылқұловтың басымдығымен өтті. Ол рингтің ортасын иеленіп, жиі шабуылдады. Оразбек қарсыластың соққыларынан шебер жалтарып отырды. Ал өзі бүйірден бірнеше соққы жасап, алға шыққан.

Алайда екінші және үшінші раундтарда Теміржанов жеңісті жұлып алды. Финалда оны Бейбарыс Жексен күтіп тұр.

Айта кетейік,  Оразбек Асылқұлов – 2023 жылы «Странджа» кубогында өзбекстандық Абдумалик Халоковты жеңіп, сенсация жасаған. Ол Өзбекстан боксшыларына қарсы жоғары деңгейде жұдырықтасады. Сондықтан да көпшілік «өзбек боксшыларының қорқынышы» деп атап кеткен.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама