ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Ұлттық құраманың жаңа тізімі: бас бапкер 28 ойыншыға сенім артты

Тізімге Дастан Сәтпаев енбеген

ҚФФ
ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип 2026 жылғы қыркүйек және қазан айларында өтетін УЕФА Ұлттар лигасының матчтарына шақырылған футболшылардың нақты тізімін жариялады.

Еске сала кетейік, осы кезеңде Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында төрт матч өткізеді. 26 және 29 қыркүйекте сырт алаңда Фарер аралдары мен Словакияға қарсы, сондай-ақ 2 және 6 қазанда өз алаңында Молдова мен Фарер аралдарына қарсы кездесулер өтеді.

Соңғы тізімге 28 футболшы енді:

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан).

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Астана»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Сергей Малый («Ордабасы»), Александр Широбоков, Александр Мрынский (екеуі де – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский («Астана»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»).

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман (екеуі де – «Астана»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Дамир Қасаболат, Исмаил Бекболат (екеуі де – «Кайрат»).

Шабуылшылар: Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Азамат Тұяқбаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов, Станислав Басманов (екеуі де – «Астана»), Эльхан Астанов («Ордабасы»).

Бапкерлер штабы: Джон ван ’т Шкип – бас бапкер, Нұрбол Жұмаcқалиев – бас бапкердің көмекшісі, Елдос Ахметов – бас бапкердің көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылар бапкері, Вадим Боровский – дене даярлығы бапкері, Тимур Құсайынов – сапаршы, Нұрлан Биттіғұлов – дәрігер, Біржан Оразғалиев – физиотерапевт, Алексей Гудзев – массажист, Евгений Карнаухов – массажист, Ақмұрат Ақшабаев – массажист, Қуаныш Мұханбет – менеджер, Михаил Әубакіров – әкімші, Максим Шауберт – кит-менеджер.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам