Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Александр Усиктің жаңа шешімі жанкүйерлерді таңғалдырды

Редактор
20.10.2025, 18:02

Ол жалаң жұдырық жекпе-жегінде бақ сынамақ

allboxing.ru

Әлемнің абсолютті чемпионы Александр Усик жалаң жұдырық жекпе-жегін өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Bare Knuckle Boxing (BKB) лигасының басшысы Дэвид Тетрео мәлімдеді.

«Бәлкім, сіз бұған сенбеуіңіз мүмкін, бірақ біз шынымен Усикпен келіссөз жүргіздік. Қарсыласы жайлы әлі сөйлескен жоқпыз. Сөйте тұра Усик секілді чемпионның қатысуы біздің спорт түрінің дамуына жаңа дем беретіні анық.  Ол қолғаппен бокстасуда барлық белесті бағындырды, ендеше неге өзін жаңа бағытта сынап көрмеске? Біз онымен байланыстамыз. Оның менеджері Эгис Климаспен жақын араласамыз, сондықтан келіссөздер жалғасуда», – деді Тетрео Boxing Social басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 18 қазанда BKB лигасы бұрынғы әлем чемпионы Пол Малиньяджидің қатысуымен турнир өткізді. Ол төрешілердің басым дауысымен Тайлер Гуджоннан басым түсті.

Усик шаршы алаңға соңғы рет шілде айында шығып, Даниэль Дюбуаны жеңген болатын. БАҚ дерегінше, ол осы айқасы 132,28 миллион доллар пайда тапқан.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: