Абылайхан тәжірибелі спортшы ретінде соңғы жылдары бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанды
Бүгін Семей қаласында бокстан Қазақстан чемпионатының шешуші жекпе-жектері өтеді. Әр салмақ дәрежесінде елдің үздік былғары қолғап шеберлері чемпион атағы үшін бақ сынайды.
50 келі
Бекзат Алдамжаров (Ақтөбе обл) – Даниял Сәбит (БҚО)
Былтырғы Қазақстан чемпионатының финалында Даниял Сәбит жеңіске жеткен.
55 келі
Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда обл) – Сәкен Бибосынов (Түркістан обл)
2024 жылы Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің финалында Сәкен Бибосынов рингке шықпаған еді.
60 келі
Бейбарыс Жексен (Жамбыл обл) – Серік Теміржанов (Павлодар обл)
Бейбарыс пен Серік арасындағы тартыс ерекше қызықты өтпек. 2024 жылы Әбдәлиев турнирінде Бейбарыс жеңсе, 2020 жылы ел чемпионатының 1/4 финалында Серік басым түскен.
65 келі
Ертуған Зейнуллинов (Алматы обл) – Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау обл)
2021 жылы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған турнирде Санатәлінің мерейі үстем болған.
70 келі
Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды обл) – Фарух Тоқтасынов (Алматы қ.)
Абылайхан тәжірибелі спортшы ретінде соңғы жылдары бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанды. Ол 2025 жылы Болгариядағы «Странджа» турнирінде және 2024 жылы Әбдәлиев турнирінің финалында жеңіске жеткен.
75 келі
Сабыржан Аққалықов (БҚО) – Тимур Нұрсейітов (Астана қ.)
2025 жылы Болгариядағы «Странджа» турнирінің финалында Тимур Нұрсейітов рингке шықпаған болатын.
80 келі
Ерасыл Жақпеков (Абай обл) – Диас Молжігітов (Жамбыл обл)
Бұл жұп бұған дейін өзара кездеспеген.
85 келі
Дәулет Төлемісов (Ақтөбе обл) – Сұлтанбек Айбарұлы (Алматы қ.)
Спортшылар алғаш рет бір-біріне қарсы тұрады.
90 келі
Сағындық Тоғамбай (Түркістан обл) – Нурмагамед Юсупов (Қарағанды обл)
Сағындық 2023 жылы екі мәрте қарсыласын жеңген.
+90 келі
Нұрлан Сапарбай (Түркістан обл) – Аслан Еділбайұлы (Қызылорда обл)
Бұл спортшылар да алғаш рет кездескелі отыр.
Семейдегі финалдық күнде әр жекпе-жек жоғары деңгейдегі бәсекеге толы болмақ. Кім чемпион атанып, ел үздігі мәртебесіне ие болатыны бүгін белгілі болады.