Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Бес баланың анасы Қазақстан чемпионы атанды

Редактор
21.10.2025, 15:36

Финалда ол алматылық Әнел Құдайбергенді жеңді

әлеуметтік желі

Бокстан әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақта жамбылдық Әйгерім Сәттібаева Қазақстан чемпионы атанды. Финалда ол алматылық Әнел Құдайбергенді жеңді.

«Араға 15 жыл салып Қазақстан біріншілігінде топ жардым. Қатты қобалжып тұрмын. Жекпе-жектер оңай болған жоқ. Сөйте тұра жеңімпаз атанып, үйдегі отбасымның, бала-шағымның үмітін ақтағаныма қуаныштымын», - деді Әйгерім.

Боксшы дайындықты Таразда өткізгенін алға тартты.

«Таразда өткен Қазақстан бокс федерациясының кубогында 51 келі салмақта үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де жеңдім. Қазақстан чемпионатына дайындықтарымның басы болатын. Себебі шаршы алаңға шықпағаныма біраз болып еді. Оқу-жаттығу жиындарында жеке бапкеріммен бірге дайындалдық. Құрама сапында жүргеніме екі жыл болды, бізде бірінші нөмір Назым Қызайбай болса, сонан соң тізімде мен тұрмын. Осы аралықта бас бапкер айтқан тапсырмаларды түгел орындап, жіберген жарыстардың барлығына қатысып, абыроймен оралуға тырыстым. Сондықтан осы қарқыннан таймаймын», - деді Сәттібаева. 

Естеріңізде болса, Әйгерім Сәттібаева былтыр Азия чемпионатында 48 келіде барын салып, үздік үштікке енді. Қарсыласынан 13 жас үлкен болғанына қарамастан, бабында екенін аңғартты. 
Әйгерім – бес баланың анасы, әрі бокстан ұлттық құраманың бұрынғы мүшесі Олжас Сәттібаевтың жары.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама