Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қазақстандық cегіз боксшы Азиаданың алтын медалі үшін таласады

Редактор
29.10.2025, 15:53

Финалдық жекпе-жектер 30 қазанда өтеді

ҰОК

28 қазанда Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды.

1/2 финалдың нәтижесі бойынша сегіз қазақстандық боксшы ақтық сында шаршы алаңға шығады.

Аяулым Оспанова (66 келіге дейін), Камила Оспанова (75 келіге дейін), Елнура Қоңырат (80 келіден жоғары), Арман Мырсәбит (46 келіге дейін), Жұмағали Нұрмахан (50 келіге дейін), Досжан Жұмақан (54 келіге дейін), Даниял Шалқарбай (66 келіге дейін), Мұхамедәлі Рүстембек (80 келіден жоғары) ақтық сында алтын медаль үшін таласады.

Ал Рамина Маханова (54 келіге дейін) және Санжар Матасов (75 келіге дейін) қарсыластарына жол беріп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер 30 қазанда өтеді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама