Жарнама
Жарнама

Ломаченко Әлімханұлына қолдау көрсетті

Редактор
Бүгін, 09:55

«Қазақ стилі» Лос-Анджелестегі жаттығу залында Ломаченкомен түскен суретін жариялады

x.com/qazaqstyle

Украиналық танымал боксшы Василий Ломаченко орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының жаттығуына арнайы барып, қолдау көрсетті.

«Қазақ стилі» Лос-Анджелестегі жаттығу залында Ломаченкомен түскен суретін жариялап, әріптесіне алғысын білдірді:

«Лома» залға келіп, спаррингімізді тамашалап, бізге сәттілік тіледі. Келгеніңізге рахмет, чемпион! Сізді көргеніме қуаныштымын!», – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ломаченко мен Әлімханұлын менеджер Эгис Климас байланыстыратынын айта кетейік. 

Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда өтетін тарихи жекпе-жекке дайындалып жатыр. Оның қарсыласы – кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО). Бұл кездесуде WBA, WBO және IBF белбеулері сарапқа салынады.

Қазақ боксшысы Лос-Анджелестегі Brickhouse Boxing залында бұрынғы чемпион Брайан Вилорияның қарамағында жаттығу жасап жүр. Ал Василий Ломаченко жақында ғана кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтағанын жариялаған болатын.

Айта кетерлігі, бұл айқастан кейін Жәнібекті жаңа сынақ күтіп тұр – IBF ұйымы америкалық Остин «Аммо» Уильямсты (19-1, 13 КО) ресми міндетті қарсылас ретінде бекіткен.

Реклама
Реклама