Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Өмірім өзгерді. Ізбасарым көп. Қазақ боксшыларынан досым жоқ – қырғыз боксшысы Мунарбек Сейітбекұлы

16.03.2025, 11:45

Ол болашақта өзінің спорт мектебін ашуды жоспарлап жүр

olympics.com

Париж Олимпиадасында қырғыз боксшысы Мунарбек Сейітбекұлы сенсация жасап, бокстан Қырғызстан тарихындағы алғашқы жүлдеге қол жеткізген болатын. Фавориттерді жолдан тайдырып, финалда тек өзбек боксшысынан ғана жеңілген Мунарбекке Қырғыз билігі III дәрежелі Манас орденін табыстап, еңбек сіңірген спорт шебері деген атақ берді.

Мунарбекті біз Астананың әуежайында кездестіріп, сұхбатқа тарттық. Спортшының уақыты тығыз болса да, әңгімеден бас тартқан жоқ.

– Мунарбек, сіз Қырғыз елінің тарихына өз атыңызды алтын әріптермен жазып қалдырдыңыз. Ел сізді Парижден қалай күтіп алды? Қазақстандық боксшыларды қалай күтіп алғанын әлеуметтік желіден де көрген боларсыз: отыз күн ойын, қырық күн тойын жасадық. Қырғызстанда қалай болды?

– Париж Олимпиадасынан кейін Қырғыз елі өте жоғары деңгейде күтіп алды. Біздің президентіміз Садыр Нұрғожаұлы ақшалай сыйлық берді. Сонымен қатар, автокөлік мінгізді. Басқа да спорт шенеуніктері, демеушілер қомақты сый сыйлады, үй де берді, пәтер де берді, ақшалай да беріп жатты.


АКИ пресс

– Осыдан кейін өміріңіз қалай өзгерді?

– Өмірім тек жақсы жағына өзгерді. Осы бір тарихи оқиғадан кейін жаңа бір кезеңге өткендей болдым. Бастысы, өзімнің отанымды қырғыз елін күллі әлемге танытқаныма қуаныштымын. Төгілген еңбек пен тердің нәтижесі ақталды.

Маған ең қиын болғаны салмақ мәселесі. Шыны керек салмақ қуу бұл өте қиын. Мен өзім алты, жеті келідей салмақ қудым. Бұның барлығы денсаулыққа да әсерін тигізеді.


olympics.com

– Қазір жасыңыз 29-да. Әуесқой бокс үшін жас емессіз, әдетте 30 жастан кейін боксшылар не кәсіпқой боксқа ауысады, не мансабын аяқтайды. Сіздің жоспарыңыз қандай? Лос-Анджелеске дайындаласыз ба, әлде кәсіпқой бокстан көріп қаламыз ба?

– Бұл бойынша ұлттық құраманың бапкерлері және өзімнің жеке бапкеріммен ақылдасып жатырмыз. Бірақ әлі нақтыланбады. Алдағы уақытта нақты бір шешімге келіп, ортақ бір мәмілеге келеміз.

– Қырғыз боксының қазіргі жағдайы туралы айтып беріңізші, сенім артатын ізбасарларыңыз бар ма? Сіздің жеңісіңізден кейін бокс залдарына балалар ағылып келген шығар… Жеке бокс мектебін ашып, шәкірт тәрбилеу жоспарыңызда бар ма?

– Иә, кішкентай балалардың боксқа деген қызығушылығы оянды. Қырғызстанда боксқа келетін спортшыларлың саны арта бастады. 

Сондай-ақ, Париж Олимпиадасындағы жетістігімнен кейін басшылық тараптан қырғыз боксына оң өзгерістер енгізіп, қолдау ерекше болды. Бұйырса бәлкім болашақта жеке бокс мектебін ашып, шәкірт тәрбиелеп қалармын. Негізі мұндай жоспар ойда бар.


Қырғыз президентінің баспасөз қызметі

– Сізден кейін Олимпиада чемпионы атануы мүмкін спортшылар Қырғызстанда бар ма?

– Қырғызстанда жас боксшылар көп. Олардың арасында болашақта Олимпиада чемпиондары атанатын мықты спортшылар өсіп келеді. Бірақ біреуінің атын атап, түсін түстесем, ертең өзгелері ренжіп қалуы мүмкін. Адам еңбек етіп, тәртіппен өмір сүрсе кез келген белесті бағындыра алады.

– Қазақ боксшыларымен араласасыз ба? Кімді жеке танисыз?

– Қазақ боксшыларының барлығымен жақсы араласамын. Аман-сәлеміміз түзу, бірақ досым жоқ. 

Біз осы Олимпиаданың алдында Шымкентте «Алматау» деген база бар, сол жерде бірге оқу-жаттығу жиынында болдық. Менің ойымша, қазақ боксы әлемдік аренада үздік бестіктің қатарына енеді. Сондықтан Қазақстандағы бокстың беталасына ерекше құрметпен қараймын.

– Уақыт тауып, әңгімелескеніңізге рахмет!

Жарнама
Жарнама