Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Абиба Әбужақынова мықты, бірақ салмағымды ауыстырмаймын – Ғалия Тынбаева

19.03.2025, 10:38

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесімен сұхбат

IJF

Жуырда Ташкентте өткен дзюдодан Гранд Слэм турниріне қазақстандық балуандар да қатысқан болатын. Өкінішке қарай, ұлттық құрама мүшелері жаппай жеңіліп қайтты. Осы жарыста ел намысын 48 келіде қорғаған белгілі дзюдошы Ғалия Тыныбаевамен әңгімелесіп, сәтсіздіктің себебін, болашақ жоспарын сұрап білдік.

Ғалия Тынбаева – қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы Гранд-Слэм турнирінің жеңімпазы, 2024 жылғы Азия чемпионатының қола медаль иегері. 

Ғалия Ташкентте бірінші айналымда әлемдік рейтингте 82-орындағы тәжік қызына есе жіберген еді.

– Ғалия, кеше ғана Ташкенттегі Гранд Слэмнен оралдыңыз. Бірінші айналымда жеңілуге не себеп болды, психологиялық дайындық төмен болды ма, әлде физикалық тұрғыда дайын болмадыңыз ба? Жарыстан кейін бапкеріңізбен анализ жасаған боларсыз…

– Иә, бұл бәсекеде өзім қателік жібердім. Сол қателіктеріме жаттықтырушылармен бірге анализ жасадық. Осы қателіктерді келесіде қайталамайтындай жұмыс істеп жатырмыз.

– Қазір енді қандай жарысқа дайындаласыз? Олимпиадаға дейін рейтингтік ұпай жинау өте маңызды. Биылға түзген жоспарыңыз қандай?

– Алдағы уақытта жарыстар көп. Ал біздің қай жарысқа қатысып, бақ сынайтынымызды жаттықтырушылар штабы шешеді. Кез келген турнирде күресуге дайын жүремін.

– Былтыр Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаев қыздар құрамасын дайындауға көп қаржы мен күш жұмсалатынын атап өткен еді. Ұлттық құрамадағы оқу-жаттығу жиындарына көңіліңіз тола ма?

– Иә, әрине барлығына көңілім толады.

– Қаражат демекші, қазір спортшылардың жетістікке жетуіне ең қажетті құрал – витаминдер екені белгілі. Еуропа елдері болсын, Жапония мен Корея болсын, тіпті мынау Өзбекстанның өзі спорттағы фармакологияны дамытып жіберген. Нәтижесін көріп отырмыз. Біздегі жағдай қандай? Мемлекет тарапынан, федерация тарапынан витаминдер қажетті деңгейде беріле ме?

– Біздің федерация бұл тұрғыдан барлық жағынан қолдау көрсетіп, көмектесіп жатыр.

– Ұлттық құрама жуырда Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізіп, ол жерге Жапония мен Ресейден мамандар алдырды. Мұның қандай пайдасы болды? Жаңа әдістер үйретті ме, әлде басқа тұрғыда көмегі тиді ме?

– Иә, жаңа өзгерістер  енгізіп, жұмыстар жан-жақты істеліп жатыр. Бұл туралы нақтырақ айта кетсем, техника-тактикалық және физикалық тұрғыдан дамуымызға назар аударылып, белсенді жұмыс атқарылды.

– Сіздің Қазақстандағы басты қарсыласыңыз – Әбиба Абужақынова екені белгілі. Олимпиада медалі жоқ демесеңіз, Әбибада атақ-даңқтың бәрі бар. Соның тасасында, көлеңкесінде қалып қоямын деген қорқыныш жоқ па? Салмағыңызды ауыстыруды жоспарламайсыз ба?

– Әрине, Абиба Абужақынова мықты қарсыласымның бірі, бірақ салмағымды ауыстыратын ойым жоқ. Біздің спорт түрінің ерекшелігі Олимпиадалық лицензия ұпай жинау арқылы іріктеліп алынады.

– Уақыт бөлгеніңізге рахмет!

Жарнама
Жарнама