Жарнама
Жарнама

Арманым орындалды – Ресейге жұмысқа тұрған қазақстандық бапкер

Редактор
24.11.2025, 22:01

 Ол физикалық дайындық бойынша жаттықтырушы қызметін атқарады

Фото: instagram.com/vadimborovskiy

Қазақ футболында қуанышты жаңалық. Бұрынғы футболшы әрі «Қайрат» клубының жаттықтырушысы Вадим Боровский Ресейдің ең танымал клубтарының бірі – Мәскеудің «Спартагының» негізгі командасына бапкер болып тағайындалды.

 Ол физикалық дайындық бойынша жаттықтырушы қызметін атқарады.

Бұл – қазақстандық маман үшін мансап жолындағы үлкен белес. Боровский бұл жаңалықты «арманым орындалды» деп атап, өз қуанышын жасырмады.

Вадим Боровский жаңа қызметіне қатысты әсерін бөлісіп, «Спартак» сапындағы алғашқы жұмыс күнін ерекше атап өтті:

«Сенбі күні мен үшін жаңа кезең басталды: «Спартак» жаттықтырушылар штабының құрамында дебют жасадым. Бұл – мен үшін орындалған арман», –  деді маман.

Ол сондай-ақ алғашқы ойында команданың жеңіске жетуі –  «тәртіп пен бірліктің нәтижесі» екенін айтты.

Вадим Боровский 1986 жылы Қарағанды облысы Сарань қаласында дүниеге келген.Футболшы ретінде «Шахтёр», «Жетісу» секілді клубтарда ойнап, 2011 және 2012 жылдары Қазақстан чемпионы атанды. Жастар және жасөспірімдер құрамаларында да өнер көрсетті.

Бапкерлік мансабы:

  • 2017-2021 жылдары «Қайрат-Жастар» командасында физикалық дайындық бапкері болды.
  • 2021 жылы Мәскеудің «Спартак» клубының жүйесіне шақырылды.
  • 2022 жылы жастар командасының бапкерлер құрамына кірді.
  • 2024 жылдың қарашасында негізгі командаға көтерілді.

Боровскийдің Ресей Премьер-Лигасының алдыңғы қатарлы клубының штабына енуі –  қазақстандық мамандардың деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Бұған дейін де тағы бір отандық жаттықтырушы Ерлан Ибраим «Крылья Советов» клубына шақырылған еді.

Реклама
Реклама

Материалда: