Қазақстандық жас футболшы Португалияның «Жил Висенте» клубына ауысты

Редактор
04.02.2024, 16:18

Ол әлі 18 жасқа толмаған

Ертіс ФК

Қазақстандық жартылай қорғаушы Ілияс Әбіл Португалияның доғарғы лигасында ойнайтын «Жтл Висенте» клубына ауысты деп хабарлады «Ертіс» клубының баспасөз қызметі.

Ол маусымдағы дайындығын Павлодардың «Ертісінде» бастаған. 18 жасқа толғанға дейін осында болады.

Айта кету керек, Әбіл Қазақстан жасөспірімдер құрамасының сапында Португалияға қарсы ойнап, гол соққан болатын. Ал, өткен маусымда ол QJ лигада өнер көрсетті. Бірінші лигада 22 матч, Премьер-лигада 2 матч ойнаған.