«Ордабасы» хорватиялық қақпашыны сатып алды

Редактор
04.02.2024, 22:23

Бұған дейін шымкенттік клуб Бразилиядан қорғаушы Режиналдоны алдыртқан

Ордабасы ФК

Футболдан Қазақстан чемпионы «Ордабасы» клубының қатары хорватиялық қақпашымен толықты. Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, Карло Сентич жастар құрамасының қақпасын күзеткен.

22 жастағы футболшыны «Ордабасы» ресми таныстырды. 22 жастағы қақпашы бұған дейін «Хайдук» командасында болған. Оның алдында «Вараждин», «Дьошдьор» клубтарының намысын қорғады.

Сентич сондай-ақ, Хорватияның 19, 20 және 21 жастағы жастар ұлттық құрамаларының қақпасын күзетті.

Айта кету керек, «Ордабасының» сапында Қазақстан құрамасының екі қақпашысы бар, олар – Бекхан Шайзада мен Мұхаммеджан Сейсен.