Ұлан Қонысбаев «Кешью» тобының бұрынғы әншісімен жұп құрып ән айтып жүр

Редактор
03.02.2024, 23:12

Ол Қазақстан құрамасына соңғы ойынын Қытайға қарсы өткізіп, аяғын сындырып алған еді

instagram.com/konysbayev7/

Футболдан Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев ән байқауына қатысып жатқанын мәлімдеді. Ол телевизиялық жобада «Кешью» тобының бұрынғы әншісі Балжан Бидашпен дуэт құрған.

«Сәлем достар! «Егіз-Лебіз» жобасында жұлдызды жұбым Балжан Бидаш екеуіміз жеңіске жетеміз деп жүрміз. Тек сіздердің қолдауларыңызды күтеміз», - деп жазды футболшы өзінің Instagram-парақшасында.

Оның бұл жаңалығына көптеген оқырман пікір білдірді. Тіпті, спортшының әкесі Әбиірбек Қонысбаев та ұлының бұл шешіміне қолдау білдіріп, «Үйді шулатпай осы жерде айтқаның жөн болды» деп жазба қалдырса, анасы Асылхан сәттілік тіледі. Бұдан бөлек, спортшының оқырмандары «Гол салып жіберме», «Жахан бір аунап тұрған шығар», «Әдемі жұп», «Жеңіс тілейміз» деген сынайда бірнеше пікір жазып қалдырған.

Ұлан Қонысбаев 2011-2016 жылдары аралығында ұлттық құрама сапында 32 ойын өткізіп, 3 рет гол соқты. Ол 2016 жылы Қытайдың Дальян қаласында өткен жолдастық кездесуде жарақат алып, ұзақ уақыт бойы ойыннан тыс қалды. Кейін «Ақтөбе» мен «Оқжетпесте» жиырмаға тарта ойын өткізіп, спорттық мансабын аяқтаған болатын.

Материалда: