Жарнама
Жарнама

Еркебұлан Сейдахмет ҚПЛ-дан кете ме? Футболшыға ұсыныс түсті

Редактор
06.01.2026, 09:26

Оған ұсыныс түскен. 

"Ақтөбе" ФК

Қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет туған қаласы Таразға қайта оралып, жергілікті клубтың ҚПЛ-ға оралу жолындағы күресіне көмектесуі мүмкін. Бұл туралы «Тараз» футбол клубының директоры Дидар Сыдықбек өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Оның айтуынша, тараптар ойыншының камбэгін талқылаған.

«Еркебұлан Сейдахметпен оның «Таразға» оралу мәселесі жөнінде әңгімелестік. Оған келісімшарт ұсындық. Жақын арада нақты жауабын береді», – деп жазды Сыдықбек.

Дегенмен бұл трансферге қатысты маңызды бір жайт бар. Қазіргі таңда Еркебұлан Сейдахметтің «Ақтөбе» клубымен келісімшарты бар.

«Егер осы мәселе оңтайлы шешілсе, Еркош уәдесінде тұрып, туған қаласына оралуға дайын», – деп қосты ол.

Айта кетейік, Сейдахмет – Жамбыл футболының ең жарқын түлектерінің бірі. «Ақтөбе» сапына ол былтыр ақпан айында «Қайрат» клубынан ауысқан.

Былтырғы маусымда ол 18 матчқа қатысып, бір гол соқты және төрт нәтижелі паспен көзге түсті.

Реклама
Реклама