Жарнама
Жарнама

Гиорги Зариа «Қайраттан» кетті

Редактор
06.01.2026, 22:27

Ол 59 матчқа қатысқан. 

"Қайрат" ФК

Алматының «Қайрат» клубы грузиялық жартылай қорғаушы Георгия Зарианың ұжымнан кеткенін ресми түрде жариялады.

28 жастағы футболшы алматылық клубтағы өнерін келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты аяқтады.

«Гиорги «Қайрат» сапына 2024 жылдың басында қосылып, маусым алдындағы дайындықта-ақ өзін бірден көрсетті. Алғашқы ресми матчында ол жеңіс әкелген гол соқты. 2024 жылғы маусымды Зариа жоғары деңгейде өткізіп, 30 матчта 15 нәтижелі әрекетке қатысып, Қазақстан Премьер-лигасының үздік жартылай қорғаушысы атанды. Чемпионаттың соңғы турында «Атырауға» қарсы матчта жалғыз әрі шешуші гол соғып, «Қайратқа» чемпиондық титул әкелді. 2025 жылғы маусымда да ол командаға ел чемпионы атануға, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алуға, УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуға көмектесті.

«Қайрат» ФК Гиоргиге жарқын ойыны мен команданың жетістіктеріне қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтып, алдағы мансабында сәттілік пен жаңа табыс тілейді!» - делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

«Қайрат» құрамында Зариа жалпы 59 матч өткізіп, 16 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.
 

Реклама
Реклама

Материалда: