Жарнама
Жарнама

«10 млн теңгеге де жетпейді». Ислам Чесноковтың жалақысы белгілі болды

Редактор
Бүгін, 09:09

Сарапшының айтуынша, «Хартс» Чесноковты трансферге қомақты қаржы жұмсамай алған.

©facebook.com/OfficialHeartofMidlothianFC

Ресейлік спорт сарапшысы Никита Васюхин Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноковтың Шотландияның «Хартс» клубындағы жалақысы туралы мәліметпен бөлісті.

Сарапшының айтуынша, «Хартс» Чесноковты трансферге қомақты қаржы жұмсамай алған.

«Осы трансферлік кезеңде олар жартылай кәсіби лигада ойнаған оң қаптал қорғаушысын миллионнан астам сомаға сатып алды. Ал Чесноковқа ондай инвестиция салынған жоқ – еркін агент ретінде келді, орта мерзімді келісімшарт, айтарлықтай көтермеақысыз. Бірақ жалақысы өз деңгейі үшін жоғары – айына шамамен 12 мың фунт стерлинг (қолға таза алатыны). Бұл шамамен 8,2 миллион теңге. Тони Блумнің экспериментін байқап көру үшін аса қымбат емес», – деді Васюхин.

Еске сала кетейік, Ислам Чесноков «Хартстың» «Данди» командасына қарсы өткен матчына (1:0) өтінімге енгенімен, алаңға шыққан жоқ.

Реклама
Реклама

Материалда: