Жарнама
Жарнама

Англия кубогы: Ойын кезінде стадионда жанкүйер көз жұмды

Редактор
Бүгін, 09:53

Жанкүйерге дереу медициналық көмек көрсетілген

Gettysport

Англия кубогы аясында өткен футбол матчында қайғылы жағдай тіркелді. Ойын барысында стадионда бір жанкүйердің көз жұмғаны белгілі болды.

Ресми деректерге сәйкес, марқұм Norwich City FC командасының жанкүйері болған. Жексенбі күні өткен кездесуде «Норвич» өз алаңында Walsall FC клубын 5:1 есебімен жеңді. Дегенмен ойынның қорытындысы қайғылы оқиғаның көлеңкесінде қалды.

Клубтың хабарлауынша, жанкүйерге дереу медициналық көмек көрсетілген. Соған қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Матчтан кейін «Норвич» футбол клубы ресми мәлімдеме жасап, марқұмның отбасы жағдайдан хабардар етілгенін және бұл ауыр кезеңде жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Сондай-ақ клуб медицина қызметкерлеріне, қауіпсіздік қызметіне және төтенше жағдайда көмек көрсетуге атсалысқан жанкүйерлерге алғыс білдірді.

Реклама
Реклама

Материалда: