Жарнама
Жарнама

Чесноковтың ойнап кететіне сенбеймін, «Хартс» опық жейтін болды – ресейлік сарапшы

Редактор
Бүгін, 12:12

Шотландия мен Қазақстан чемпионаттарының деңгей айырмашылығы айтарлықтай екені сөзсіз

ҚФФ

Ресейдің спорт сарапшысы Никита Васюхин Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноковтың Шотландияның «Хартс» клубындағы болашағын скептикалық тұрғыда бағалады.

Васюхиннің айтуынша, шотландиялық мамандар Чесноковтың статистикалық көрсеткіштеріне жоғары баға беріп отыр. Атап айтқанда, possession value added сияқты метрикалар бойынша оның Қазақстан чемпионатындағы өткен маусымдағы нәтижелері өте жоғары болған. Алайда аналитик бұл көрсеткіштерді жаңа деңгейге көшіру оңай болмайтынын ескертеді.

«Шотландия мен Қазақстан чемпионаттарының деңгей айырмашылығы айтарлықтай екені сөзсіз. Шамамен 170 ЭЛО ұпай айырмашылық бар. Мұндай жағдайда ультра-жас емес ойыншыға жоғары қарқын,  ойындардығы тығыздығы және қарсыластар сапасы жоғары чемпионатта бұрынғы тиімділігін сақтау қиын», - деп түсіндірді Васюхин.

Сондай-ақ ол Чесноковтың ұлттық құрама сапында мықты қарсыластарға қарсы ойындарда әлсіз көрінгенін және еурокубоктарда ерекше әсер қалдырмағанын атап өтті.

Еске сала кетейік, Чесноков «Данди» командасына қарсы өткен матчқа (1:0) «Хартстың» өтініміне енгенімен, алаңға шыққан жоқ.

Клубтың миноритарлық акционері Тони Блум – ағылшынның Брайтон және бельгиялық Юнион клубтарының иесі. Бұл командаларда ойыншыларды іріктеумен бірдей скауттық топ айналысады.

Айта кетейік, Ислам Чесноков «Хартспен» 2028 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойды. Ол клуб тарихындағы және Шотландия чемпионатындағы алғашқы қазақстандық футболшы атанып отыр. Жаңа командасында ол 99-нөмірмен өнер көрсетеді.

Реклама
Реклама

Материалда: