Сол жылы оның клубпен келісімшарты аяқталады.
Португалия құрамасының және Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду 2027 жылы футболдағы мансабын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы журналист Бен Джейкобс өзінің X (бұрынғы Twitter) желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
Дереккөз мәліметінше, Роналду 2027 жылы - «Әл-Насрдағы» келісімшарт мерзімі аяқталған соң карьерасын аяқтауды жоспарлап отыр. Ол кезде футболшы 42 жасқа толады.
Ал Роналдудың өзі негізгі мақсаты кәсіби мансабында 1000 голдық межеге жету екенін айтқан. Қазіргі таңда оның еншісінде 960 гол бар.
Еске салайық, Криштиану Роналду 2023 жылдан бері «Әл-Наср» клубында өнер көрсетеді. Биылғы маусымда 40 жастағы шабуылшы Сауд Арабиясы чемпионатында 16 матчта 16 гол соғып, бір нәтижелі пас берген.