Марко Ройс «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін

Редактор
Бүгін, 14:49
Dean Mouhtaropoulos / Getty Images

«Ақтөбе» клубы 36 жастағы неміс жартылай қорғаушысы Марко Ройсқа ресми ұсыныс жасаған. Бұл туралы ресейлік инсайдер Иван Карпов хабарлады.

Оның мәліметінше, футболшы алдағы күндері шешімін айтуы тиіс.

Кәсіби мансабының басым бөлігін Дортмундтың «Боруссиясында» өткізген Ройс клуб сапында 494 матчқа қатысып, бұл көрсеткіш бойынша команда тарихында үздік үштікке енді. Ол тіпті «Бавария», «Реал», «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити» және «Барселона» секілді алпауыттардың ұсыныстарынан да бас тартқан.

Ройс «Боруссия» сапында Германия кубогын екі рет, Суперкубокты үш мәрте жеңіп алғанымен, Бундеслига чемпионы атана алмады. Командамен бірге жеті рет күміс жүлдеге ие болған.

Соңғы бір жарым маусымда Марко Ройс АҚШ-тың «Лос-Анджелес» клубында өнер көрсетті. Осы уақыт аралығында ол 39 матчта 9 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, бұған дейін ақтөбелік ұжым сапына Португалия құрамасының бұрынғы ойыншысы, Еуропа чемпионы Луиш Нани қосылған болатын.

Нани кәсіби мансабында 617 матч өткізіп, 129 гол соғып, 141 нәтижелі пас берген. Португалия ұлттық құрамасы сапында 111 ойынға қатысып, 24 гол және 24 нәтижелі пас авторы атанды.

Реклама
Реклама