Ямаль өзін әлеуметтік желілерден шектеу үшін арнайы мамандар жалдады

Редактор
Бүгін, 08:31

Ол әлеуметтік желілерде де сирек отыратын болған.

Getty Images

«Барселона» мен Испания құрамасының вингері Ламин Ямаль әлеуметтік желілерде енді белсенді болмаймын деп шешті. Жас футболшы ол үшін тіпті арнайы мамандар тартып, өзін медиадағы сөз бен сыннан оқшаулауды жөн көрген.

Fichajes.com дерегінше, бұл қадам 18 жастағы ойыншының психологиялық тұрақтылығын сақтап, ойынға толықтай көңіл бөлуіне көмектесу үшін жасалған.

Журналист Хосе Альварес El Chiringuito TV бағдарламасының эфирінде Ямальдің айналасындағы кәсіби ортада өзгерістер болғанын атап өтті. Оның айтуынша, футболшымен жұмыс істейтін жаңа мамандар әлеуметтік желілерге қатысты нақты бағыт белгілеп берген.

«Ламиннің командасында кәсіби өзгерістер болды. Жаңа мамандар келіп, оған белгілі бір бағдар ұсынды. Соның ішінде әлеуметтік желілерге деген көзқарасы да өзгерді. Қазір ол жазбаларды әлдеқайда сирек жариялайды, ал жарияланған материалдардың барлығы дерлік футбол мен «Барселонаға» қатысты. Олар оған әлеуметтік желінің мәнін түсіндірді. Нәтижесінде Ямаль бар назарын футболға аударып, медиадан сәл алыстады», - деді Альварес.

Реклама
Реклама