Месси мен Роналду бір клубта ойнауы мүмкін

Редактор
09.02.2026, 09:23

«Интер Майами» қос жұлдызды біріктіргісі келеді. 

Global Look Press

Америкалық «Интер Майами» клубы португалиялық жұлдыз Криштиану Роналдуды өз қатарына қосуы мүмкін.

Fichajes дерегінше, АҚШ клубы қазіргі таңда шабуылшының «Әл-Насрдағы» жағдайын мұқият қадағалап отыр. Сауд Арабиясы клубы бес дүркін «Алтын доп» иесін сақтап қалуға ниетті, алайда жағдай уақыт өткен сайын ушығып барады. Себебі Роналдудың Саудия лигасының жұмысына көңілі толмайтыны жиі айтылып жүр.

«Интер Майами» үшін Роналдуды қатарға қосу оңай болмасы анық. Футболшының қаржылық талаптары келіссөздерге айтарлықтай кедергі келтіруі мүмкін. Дегенмен клуб басшысы Дэвид Бекхэм қазіргі заманның қос алыбын бір алаңда тоғыстыру туралы арманынан бас тартқысы келмейді. Футболды жаһандық шоу ретінде қабылдайтын Бекхэм бұл трансферді клубтың ауқымды жобасының логикалық шешімі деп есептейді.

Ал Роналдудың өзі «Әл-Насрдан» кететінін айтқан жоқ. Алайда «Интер Майами» футболшының әр қадамын жіті бақылап отыр.

Реклама
Реклама