Жарнама
Жарнама

Төбелес» шығарған «Ордабасы» капитаны қамауға алынды

Редактор
Бүгін, 11:44

Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

t.me/badfootball13

Шымкент қаласында «Ордабасы» және «Ақтөбе» футбол клубтарының жастар командалары арасында өткен матч жанжалмен аяқталып, «Ордабасы» командасының капитаны қамауға алынды.

Полицияның мәліметінше, жанжалдың бастамашысы ретінде «Ордабасы» командасының капитаны анықталған. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде екі клубтың жастар командалары арасындағы жаппай төбелестің видеосы тараған болатын. Оқиға Шымкентте өткен жолдастық матч кезінде болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, ойынның екінші таймының басында болған даулы эпизодтан кейін алаң иелерінің капитаны «Ақтөбе» ойыншысын ұрып жіберген. Осыдан кейін ойыншылар арасында жаппай төбелес басталып, жағдай «қабырғаға-қабырға» түріндегі қақтығысқа ұласқан. Соның салдарынан матчты тоқтатуға тура келген.

Төбелес кезінде «Ақтөбе» командасының бірнеше ойыншысы жарақат алған. Атап айтқанда, ойыншылардың бірі – Әмір Төлеевтің жақ сүйегі сынып, тістері сынған. Тағы бір футболшы ерні мен иегінен ауыр жарақат алған.

Кейін бұл ақпаратты «Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі де растады. Клубтың мәлімдеуінше, жарақат алған екі жас футболшы ауруханаға жеткізілген. Бір ойыншыға жақ сүйегінің сынуына байланысты операция жасалатыны хабарланды.

«Ақтөбе» клубы болған оқиғаны қатаң айыптап, құзырлы органдар бұл жағдайды жан-жақты тексереді деген сенім білдірді. Сонымен қатар клуб жарақат алған футболшылардың тезірек сауығып кетуін тілеп, олардың емделуіне қажетті көмекті көрсететінін мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Материалда: