Од алдағы ойынға қатыса алмауы мүмкін.
«Қайсардың» нигериялық шабуылшысы Виктор Мозес «Ордабасына» қарсы матчқа қатыса алмауы мүмкін.
Журналист Эльдар Аманбаевтың мәліметінше, жұлдызды футболшы жарақатына байланысты командамен бірге жаттығуға қатыспаған. Ол бұл жарақатты «Астанаға» қарсы өткен ойында алған.
Қазақстан Премьер-лигасының үшінші туры аясындағы «Ордабасы» – «Қайсар» кездесуі 20 наурыз күні Шымкентте өтеді.
Айта кетейік, Мозес «Қайсар» сапында алғашқы ойынын екінші турда өткізді. «Астанаға» қарсы матчта ол алаңға 64-минутта шығып, чилилік шабуылшы Томас Джонстың орнына ойынға қосылған еді. Бұл кездесу 0:0 есебімен тең аяқталған.