Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» бұрынғы жұлдызды шабуылшысы мансабын аяқтайтынын айтты

Редактор
Бүгін, 13:32

Ол қазір 41 жаста.

«Қайрат» ФК

Әлемге танымал бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав 41 жасында кәсіби мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады.

Ол өһ мансабында түрлі елдерде өнер көрсетіп, өз дәуірінің ең танымал легионерлерінің біріне айналды. Клубтық деңгейде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, тұрақты ойынымен ерекшеленді.

Лавты отандық жанкүйерлер де жақсы біледі. Ол 2020-2022 жылдар аралығында алматылық «Қайрат» сапында ойнаған. Осы аралықта ол 57 матч өткізіп, 27 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанып, ел Кубогын жеңіп алды.

Шабуылшы мансабында бірқатар елдің клубтарында ойнаған. Ол әр жылдары ЦСКА (Мәскеу), «Коринтианс», «Фламенго», «Монако», «Бешикташ», «Палмейрас», «Мидтьюлланд», «Аланьяспор» секілді танымал командалардың намысын қорғады.

Сондай-ақ Бразилия ұлттық құрамасы сапында 20 матч өткізіп, 4 гол соғып, 4 нәтижелі пас авторы атанған.

БАҚ мәліметінше, 28 наурыз күні Лав Бразилияның Серия D лигасында өнер көрсететін «Ретро» клубы сапында соңғы матчын өткізеді. Осыдан кейін ол осы командада бапкердің көмекшісі қызметіне кіріседі.

Реклама
Реклама