Мәскеулік клуб турнир чемпионы атанды
РПЛ Қысқы кубогіне қатысып жатқан Алматының «Қайраты» Мәскеудің «Спартагымен» кездесіп, 0:6 есебімен ойсырай жеңілді.
Матчтың тоғызыншы минутында шабуылшы Александр Соболев есепті ашқан. Бес минуттан кейін Антон Зиньковский «Спартактың» екінші голын соқты. Ал, екінші тайм басында – 55 минутта Даниил Хлусевич үшінші гол авторы атанса, араға жеті минут салып Квинси Промес «Қайраттың» қақпасынан тағы саңлау тапты. Ойын біткенге дейін Промес пен Виктор Мозес тағы бір-бір голдан соғып, есепті 6:0-ге жеткізді.
Айта кету керек, Нидерланды соты Квинси Проместі есірткі тасымалдады деген айыппен сырттай алты жылға соттады.
Ал, «Спартак» болса осы жеңістен кейін жарыс жеңімпазы атанды.