«Ордабасы» серб қорғаушысы Златан Шеховичті қатарына қосты

Редактор
13.02.2024, 09:01

Оның трансферлік құны 400 мың еуроны құрайды

Фото ашық дереккөзден

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы «Партизан» (Сербия) қорғаушысы Златан Шеховичпен келісімшарт жасасты деп хабарлайды Transfermarkt.

Дереккөздің мәліметінше, Шехович Қазақстан чемпионының сапына жалға алу негізінде өткен. Келісімшарт мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

23 жастағы серб футболшысы «Партизан» клубының түлегі. Ол «Телеоптик» және «Маккаби» (Нетания) командаларының сапында да доп тепкен. Сонымен қатар, Сербия жастар құрамасында да ойнады.

Шеховичтің трансферлік құны 400 мың еуроны құрайды.