Жарнама
Жарнама

«Динамо» дәрігері Зайнутдиновтың денсаулығы туралы айтты

Редактор
28.04.2026, 09:55

Дәрігердің айтуынша, футболшының қалпына келу процесі жоспарға сай жүріп жатыр

ФК "Динамо"

Мәскеудің «Динамо Мәскеу» клубының бас дәрігері Михаил Бутовский Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтің жарақаттан кейінгі жағдайына қатысты пікір білдірді.

Дәрігердің айтуынша, футболшының қалпына келу процесі жоспарға сай жүріп жатыр.

«Барлығы жоспар бойынша. Бахтиердің көңіл-күйі жақсы, медициналық штабтың барлық ұсынымдарын орындауда. Физикалық жағдайы толық мүмкіндік берген сәтте оны алаңнан көресіздер. Бізде нақты жоспар бар, соны ұстанып келеміз», — деді Бутовский.

Айта кетейік, Зайнутдинов соңғы рет Ресей Премьер-лигасының 12-туры аясында алаңға шыққан. Сол кездесуде мәскеулік клуб Ахмат командасына қарсы ойнаған еді.

Реклама
Реклама