Жарнама
Жарнама

«Қайрат» көшбасшысы клубтан кететінін мәлімдеді

Редактор
28.04.2026, 11:02

Біржан Оразов алматылық «Қайрат» футзал клубы сапынан кетеді

ФК "Қайрат"

Қазақстан футзал құрамасының ойыншысы Біржан Оразов алматылық «Қайрат» футзал клубы сапынан кететінін ресми түрде мәлімдеді.

Спортшы бұл жаңалықты маусым соңында жанкүйерлермен әдемі қоштасу арқылы жариялауды жоспарлағанын, алайда ақпараттың ертерек таралып кеткенін айтты.

«Соңғы жаңалықтарға байланысты ресми мәлімдеме жасағым келеді. Бұл хабарды өзім жариялап, маусым соңында жанкүйерлермен лайықты қоштасқым келген еді. Бірақ ақпарат пабликтерде тарап кетті.

Барлық жанкүйерлеріммен әрқашан шынайы болдым және солай қала беремін. Сондықтан бұл шешімді өз аузымнан жеткізуді жөн көрдім.

Соңғы сегіз жыл бойы «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, осы клубтың бір бөлшегі болдым. Енді клубтан кету туралы шешім қабылдадым. Бұл – менің жеке таңдауым. Өзіме жаңа белес, жаңа сынақ қоюды жөн санадым.

Осы уақыт ішінде бірге еңбек еткен жаттықтырушыларға, медициналық штабқа, клуб басшылығына және әрдайым қолдау білдірген жанкүйерлерге шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз мен үшін ерекше болды.

Маусымды командамен бірге соңына дейін аяқтаймын. Алда жаңа мақсаттар, жаңа команда және жаңа жеңістер. Жақын арада жаңа парақтың куәсі боласыздар», – деді Оразов.

Реклама
Реклама

Материалда: