Жарнама
Жарнама

«Қайрат» тарихында ең жоғары жалақыны Андрей Аршавин алған

Редактор
Бүгін, 18:13

Қайрат Боранбаев команда тарихындағы ең жоғары жалақы туралы айтты

ФК "Қайрат"

Алматылық «Қайрат» клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев команда тарихындағы ең жоғары жалақыны кім алғанын айтты. Оның сөзінше, бұл көрсеткіш бұрынғы ресейлік шабуылшы Андрей Аршавинге тиесілі.

Боранбаевтың мәліметінше, экс-футболшы жылына 350 мың доллар көлемінде жалақы алған.

Андрей Аршавин «Қайрат» сапында 2016 жылдың наурызынан 2018 жылдың қарашасына дейін өнер көрсетті. Осы уақыт аралығында ол алматылық клубпен бірге үш бірдей трофей жеңіп алды.

Ресей құрамасы мен лондондық «Арсенал»-дың бұрынғы ойыншысы Қазақстандағы үш маусымында 108 матч өткізіп, 30 гол соғып, 37 нәтижелі пас берген.

Аршавин «Қайрат» құрамында Қазақстан кубогын екі рет (2017, 2018) және Суперкубокты бір мәрте (2017) жеңіп алды. Сондай-ақ командамен бірге үш рет Қазақстан Премьер-лигасының күміс жүлдегері атанды.

Футболшы алматылық клуб сапындағы алғашқы матчын 2016 жылдың 3 сәуірінде «Ақжайық»-қа қарсы өткізген. Ал оның Қазақстан чемпионатындағы соңғы ойыны 2018 жылдың қарашасында «Шахтер Қарағанды»-мен кездесуге тұспа-тұс келді.

Реклама
Реклама