Элдор Шомуродов Түркия Суперлигасының маусымын үздік бомбардир ретінде аяқтады
Өзбекстан құрамасының капитаны, «Истанбул Башакшехир» клубының шабуылшысы Элдор Шомуродов Түркия Суперлигасының маусымын үздік бомбардир ретінде аяқтады.
Өзбекстандық форвард чемпионат барысында 22 гол соғып, 5 нәтижелі пастың авторы атанды. Дәл осындай көрсеткішке нигериялық шабуылшы Пол Онуачу да жеткенімен, қосымша статистикалық көрсеткіштер бойынша Шомуродов маусымның үздік сұрмергені атанды.
Үздік үштікті бразилиялық жартылай қорғаушы Андерсон Талиска түйіндеді. Оның еншісінде – 19 гол және 4 ассист.
Шомуродов биылғы маусымда мансабындағы ең жарқын кезеңдердің бірін өткізді. Ол шешуші матчтарда тұрақты түрде гол соғып, «Истанбул Башакшехирдің» шабуыл шебіндегі негізгі көшбасшысына айналды.
Бұл нәтиже өзбек футболы үшін тарихи жетістік саналады. Бұған дейін Өзбекстан футболшылары Түркия Суперлигасының үздік бомбардирі атанбаған еді.
Маусымның үздік бес сұрмергені қатарына сондай-ақ Виктор Осимхен мен Мохамед Байо енді. Екі ойыншы да маусымды 15 голмен аяқтады.
Түркия Суперлигасының үздік бомбардирлері: