Жарнама
Жарнама

«Тобыл» ойыншысы өрескел ойыны үшін жазаланды

Редактор
Бүгін, 18:34

«Ордабасымен» матчтан кейін «Тобыл» ойыншысы шеттетілді

әлеуметтік желі

Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитеті 2026 жылғы 26 мамырда өткен отырыста бірқатар тәртіптік мәселелер бойынша шешім қабылдады.

Премьер-лиганың 11-туры аясындағы «Тобыл» мен «Ордабасы» арасындағы кездесуде «Тобыл» ойыншысы Кирилл Глущенковтың әрекеті комитет назарынан тыс қалмады.

ҚФФ мәліметінше, футболшы қарсыласқа шамадан тыс күш қолдана отырып өрескел ойын көрсеткен. Сонымен қатар оның доп үшін күресуге нақты мүмкіндігі болғаны атап өтілді.

Осыған байланысты Тәртіптік регламенттің 44-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Кирилл Глущенков екі матчқа дисквалификацияланды. Жаза мерзімі 2026 жылғы 24 мамырдан бастап есептеледі.

Сондай-ақ комитет «Алтай» клубына да айыппұл салды. «Алтай» – «Оқжетпес» матчында қауіпсіздік талаптары мен чемпионат регламентінің бірнеше тармағы бұзылғаны анықталған. Атап айтқанда, көрермендерді тексеру жұмыстарының әлсіз жүргізілуі салдарынан стадион аумағына тыйым салынған заттар өткізілген.

Қайталанған тәртіп бұзушылықтар үшін «Алтай» клубына 90 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, оны 2026 жылғы 26 маусымға дейін төлеу міндеттелді.

Реклама
Реклама