Жарнама
Жарнама

Қазақстандық футболшы Ресейде құрылысшы болып жұмыс істеп жүр

Редактор
Бүгін, 17:19

26 жастағы футболшы «Тұран» клубында өнер көрсеткен

asnews.kz

Қазақстандық футболшы Асылжан Аббас кәсіби мансабын уақытша тоқтатып, өмірінде жаңа кезең бастағанын мәлімдеді. Бұл туралы asnews.kz жазды.

Бұған дейін Түркістанның «Тұран» клубында өнер көрсеткен 26 жастағы ойыншы қазіргі уақытта Ресейде құрылыс саласында еңбек етіп жүргенін айтты.

«Қазір құрылыс нысанында жұмыс істеп, табыс тауып жүрмін. Футболдағы мансабымнан әзірге үзіліс алдым», – деді футболшы.

Асылжан Аббас – қазақстандық футболдың түлегі. Ол кәсіби мансабында Қазақстан Премьер-лигасы мен Бірінші лигада өнер көрсетіп, бірқатар клубтардың намысын қорғады.

Статистикаға сәйкес, шабуылшы және қанаттағы ойыншы ретінде танылған футболшы Қазақстан чемпионаттарының екі дивизионында жалпы саны 49 матч өткізген. Өз мансабында ол «Оқжетпес», «Ұлытау» және «Қызылжар»секілді командалардың қақпасына гол соққан.

Әзірге Аббастың футболға қашан оралатыны белгісіз. Дегенмен оның мансабын толық аяқтамағаны, тек уақытша үзіліс алғаны белгілі болып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін қарызға батқан «Тұран» футбол клубының сатылатыны туралы жазған едік.

Реклама
Реклама

Материалда: