Жарнама
Жарнама

Өзбекстан әлем чемпионаты қарсаңында Нидерландтан жеңілді

Редактор
Бүгін, 10:51

Матч 2:1 есебімен еуропалықтардың пайдасына аяқталды

UEFA

Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңындағы соңғы жолдастық кездесуінде Нидерланд құрамасына есе жіберді.

Нью-Йорктегі Карл Айкан атындағы стадионда өткен матч 2:1 есебімен еуропалықтардың пайдасына аяқталды. Кездесудің басты кейіпкеріне айналған нидерланд шабуылшысы Коди Гакпо екі бірдей пенальтиді сәтті орындап, командасына жеңіс сыйлады. Ол 32-минутта есеп ашса, қосымша уақыттың сегізінші минутында жеңіс голын соқты.

Өзбекстан құрамасы матч соңында есепті теңестіруге жақын болған еді. Қосымша уақыттың екінші минутында шабуылшы Игорь Сергеев мергендік танытып, таразы басын теңестіргендей көрінген. Қазақстан Премьер-лигасында «Ақтөбе» мен «Тобыл» клубтарының намысын қорғаған тәжірибелі футболшының голы жанкүйерлерге үміт сыйлағанымен, араға бірнеше минут салып Гакпо тағы да пенальтиден көзге түсіп, нүкте қойды.

Кездесудің 87-минутында Нидерланд құрамасы бір ойыншысынан айырылды. Жартылай қорғаушы Гус Тиль қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Соған қарамастан, нидерландтықтар жеңісті сақтап қала білді.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы тарихында алғаш рет әлем чемпионатына қатыспақ.

Реклама
Реклама