Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қарызға батқан «Тұран» футбол клубы сатылатын болды

26.02.2026, 16:10

Клубтың бастапқы бағасы – 1 054 000 теңге

Қарызға батқан «Тұран» футбол клубы сатылатын болды
instagram.com/fc.turan

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Тұран» кәсіби футбол клубы» жекешелендіруге шығарылды. Сату туралы хабарлама e-Qazyna веб-порталында жарияланған. Қазір өтінімдер қабылданып жатыр, ал негізгі сауда-саттық 2026 жылдың 3 наурызында өтеді. Клуб облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының балансында.

Клубтың бастапқы бағасы – 1 054 000 теңге. Кепілдік жарна – 158 100 теңге. Нысанды бір ғана сатып алушы иелене алады. Сатушы – Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы.

Алайда көрсетілген сома клубтың нақты қаржылық жүктемесін толық ашып көрсетпейді. Болашақ иесі барлық қарыздарды өз мойнына алып, келісімшартта белгіленген міндеттемелерді орындауға тиіс. 2025 жылғы бухгалтерлік есепке сәйкес, клубтың активтері 105 мың теңгені ғана құраса, қысқа мерзімді міндеттемелері 506 мың теңгеден асады. Яғни, қарыз көлемі активтерінен шамамен бес есе көп.

Сатып алушыға қойылатын талаптар

Сату-сатып алу шартына сәйкес, жаңа меншік иесі клубтың қызмет бағытын кемінде 10 жыл бойы сақтауға міндетті. Сонымен қатар:

– штат санын қысқартпау;
– инвестиция тарту және тұрақты қаржылық қолдау көрсету;
– балалар-жасөспірімдер футбол академиясын құрып, саланы дамыту;
– әйелдер футбол командасын жасақтау;
– соңғы 5 жыл ішінде жергілікті ірі стадиондармен келісімшарттары бар материалдық-техникалық базаға ие болу;
– 2027 жылдан бастап тұрақты түрде Қазақстан Премьер-лигасына қатысу;
– спорт саласында кемінде 5 жылдық тәжірибесі болу;
– клубты сенімгерлік басқаруға бермеу және үшінші тұлғаларға иеліктен шығармау.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жекешелендіру процесі басталғанын растады. Қазіргі уақытта клубты бәсекелестік ортаға беру бойынша әлеуетті инвестормен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ал келісімшарт негізінде жұмыс істеген бапкерлер құрамы мен футболшылардың еңбек шарттары 2025 жылдың желтоқсанында, маусым аяқталған соң, мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам