Жарнама
Жарнама

Өзбекстан футболшыларын АҚШ-та қызметтік иттер мен детекторлар тексерді

Редактор
Бүгін, 14:34

Әр ойыншы мен қызметкер жеке-жеке тексерілген

eluniverso.com

Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына келіп, күшейтілген қауіпсіздік шараларына тап болды.

Команда Нидерланд құрамасына қарсы жолдастық матч өткізу үшін АҚШ-қа барған. Алайда елге кірген сәтте делегация мүшелері ерекше бақылаудан өтіп, әр ойыншы мен қызметкер жеке-жеке тексерілген.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, футболшылар автобустан бір-бірден түсіп, қауіпсіздік қызметкерлерінің тексеруінен өткен. Сонымен қатар олардың жеке заттары мұқият қаралып, арнайы детекторлар мен қызметтік иттердің көмегімен қосымша бақылау жүргізілген.

El Universo басылымы мұндай қатаң қауіпсіздік шараларының ықтимал себебі ретінде АҚШ президенті Дональд Трамптың сол уақытта Нью-Йорктің осы ауданында болуы мүмкін екенін жазды. Дегенмен бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатына қатысқалы отыр. Топтық кезеңде өзбек футболшылары Колумбия, Португалия және Конго Демократиялық Республикасы құрамаларына қарсы ойнайды.

Реклама
Реклама