Жарнама
Жарнама

Каннаваро бастаған Өзбекстан құрамасы Колумбиядан жеңілді

Редактор
Бүгін, 09:28

Өзбекстан әлем чемпионатындағы дебюттік матчын өткізді

Getty images

Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы дебюттік кездесуінде Колумбия құрамасына есе жіберді.

Кездесу Мексиканың астанасы Мехикодағы әйгілі «Ацтека» стадионында өтіп, К тобының алғашқы туры аясында ұйымдастырылды. Бұл матч Өзбекстан құрамасының әлем чемпионаттары тарихындағы тұңғыш ойыны ретінде тіркелді.

Тартысты өткен кездесуде колумбиялықтар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздар сапында Даниэль Муньос 40-минутта есеп ашса, Луис Диас 65-минутта командасының басымдығын арттырды. Ал матчқа соңғы нүктені қосымша уақыттың тоғызыншы минутында Хаминтон Кампас қойды.

Өзбекстан құрамасының әлем чемпионаттарындағы алғашқы голының авторы Аббосбек Файзуллаев атанды. Ол 60-минутта капитан Эльдор Шомуродовтың соққысынан кейін қайтқан допты қақпаға дәл бағыттап, тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Осы жеңістің арқасында Колумбия құрамасы үш ұпаймен К тобында көш бастады. Ал Португалия мен Конго Демократиялық Республикасы құрамалары арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталып, екі команда бір-бір ұпайдан еншіледі. Өзбекстан әзірге ұпайсыз қалып, топтың соңғы сатысына орналасты.

Фабио Каннаваро жаттықтыратын Өзбекстан құрамасы келесі ойынын 23 маусым күні Португалияға қарсы өткізеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады.

Реклама
Реклама