Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаев ресми түрде «Бернли» ойыншысы атанды

Редактор
Бүгін, 08:00

18 жастағы футболшы бір маусымға жалға берілді

instagram.com/burnleyofficial

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев мансабын Англия чемпионатында жалғастырады. 18 жастағы футболшы лондондық «Челсиден» «Бернли» клубына бір маусымға жалға берілді. Екі клуб та келісімді ресми түрде растады.

Сәтпаев 12 тамызда 18 жасқа толған болатын. Осыдан кейін «Челси» оның алматылық «Қайраттан» ауысқанын ресми түрде жариялап, артынша футболшыны «Бернлиге» жалға беру туралы келісімді рәсімдеді.

«Бернли» өкілдері қазақстандық шабуылшының клуб тарихындағы Қазақстаннан шыққан алғашқы футболшы екенін атап өтті.

Дастан Сәтпаев «Бернлиге» ауысқаннан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

«Бұл тек бастамасы. Бұл – мені одан әрі шыңдай түсетін жаңа тәжірибе. Ең жақсысы әлі алда. Алға, қазақ елім!» – деп жазды Сәтпаев.

Айта кетейік, «Бернли» өткен маусымның қорытындысы бойынша Англия Премьер-лигасынан Чемпионшипке түсіп қалды. Команда жаңа маусымдағы алғашқы матчын 16 тамызда өз алаңында лондондық «Вест Хэмге» қарсы өткізеді.

Реклама
Реклама