«Әл-Наср» Сауд Арабиясы чемпионатының турнир кестесінде көш бастап тұр
Криштиану Роналду мансабындағы 978-голын соғып, «Әл-Насрдың» Сауд Арабиясы Про-лигасындағы кезекті жеңісіне үлес қосты.
Чемпионаттың төртінші турында Эр-Рияд клубы өз алаңында «Әл-Таавунды» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Қонақтар 11-минутта Бассам Әл-Хурайджидің голынан кейін есепте алға шықты. Бірінші тайм аяқталар тұста «Әл-Наср» жартылай қорғаушысы Саму Кошта таразы басын теңестірді — 1:1.
Ал үзілістен кейін Роналду командасына жеңіс әкелген голды соқты. Бұл 41 жастағы португалиялықтың кәсіби мансабындағы 978-голы болды. Оның 832-сін клубтық деңгейде, қалған 146-сын Португалия құрамасы сапында соққан.
Осы жеңістен кейін «Әл-Наср» төрт матчтан 12 ұпай жинап, Сауд Арабиясы чемпионатының турнир кестесінде көш бастап тұр. Роналду жаңа маусымдағы соңғы үш кездесуінде екі рет мергендік танытты.