«Ақтөбе» сапында ойнамай-ақ жалақы алып жүрген футболшы командадан кетті

Редактор
16.03.2024, 22:09

Ол ақтөбелік командаға Армениядан келіп қосылған

KazFootball.kz

«Ақтөбе» бар-жоғы екі матч өткізген Қазақстан ұлттық құрамасының экс-қорғаушысы Тимур Рудосельскиймен қош айтысты.

Клуб басшылығы 29 жастағы футболшымен екіжақты келісімге келген. Негізі Рудосельскийдің «Ақтөбемен» жыл соңына дейін жазылған келісімшарты бар еді.

Ол еліміздің бес дүркін чемпионы сапына былтыр 28 шілдеде Арменияның «Алашкерт» клубынан келіп қосылған. Осы аралықта бар-жоғы екі ойынға қатысты. Алдымен, «Ақсумен» ойында, екінші «Қызылжармен» кездесуде бой көрсетті. Екі матч та тең аяқталған еді.

Transfermarkt порталы футболшының құнын 150 мың еуроға бағалаған. Қорғаушы әр жылдары «Қайрат», «Қайсар», «Оқжетпес» және Арменияның «Алашкерт» клубында ойнаған.