«Бешикташ» тағы жеңілді, Зайнутдинов алаңға шыққан жоқ

Редактор
17.03.2024, 02:55

Инсайдерлер оның басшылыққа ұнамай қалғанын бұған дейін мәлімдеген еді

Бешикташ ФК

Түркия Суперлигасының 30-туры аясында «Бешикташ» өз алаңында «Антальяспордан» жеңіліп қалды. Стамбұлдық клуб сапында ойнайтын қазақстандық футболшы Бақтиер Зайнутдинов бұл жолы алаңға шыққан жоқ.

Матч 1:2 есебімен аяқталды. «Антальяспор» сапынан Бюньямин Балджи (5-минутта) мен Адам Букса (38-минутта пенальтиден) мергендік танытты. «Бешикташтан» Эрнест Мучи есеп айырмасын қысқартқан. Төреші 90+9 минутта Антальядан келген командасына қақпасына пенальти белгілеген. Бірақ алаң иелері бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. Сөйтіп, жеңілді.

Ал Бақтиер Зайнутдинов ойынды қосалқы құрамда отырып тамашалады. 

Есте болса, бұған дейін «Бешикташ» иелері пайдасыз ойыншылардың «қара тізімін» жасағаны туралы ақпарат болатын. Тізімге енген футболшыларды клуб иелері бас бапкерден маусым соңына дейін алаңға шығармауын талап еткен-міс. Тізімде Бақтиер Зайнутдиновтің де есімі бар. Бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз, десе де қазақстандық футболшы расымен де бүгінгі матчтан тыс қалды.

Осылайша «Бешикташ» 30 матчтан кейін 46 ұпаймен төртінші орында келеді. Стамбұлдық комагда соңғы үш ойында жеңіліс тапты.

Зайтнутдинов болса наурыздың 21-нен 22-сіне қараған түрі Грекия мен Қазақстан матчына қатысатын ойыншылар тізімінде бар.