Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташ» басшылығының «қара тізіміне» енді

14.03.2024, 13:59

Енді ол біразға дейін алаңға шықпауы мүмкін

Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташ» басшылығының «қара тізіміне» енді
ANP / Getty Images

Стамбұлдық «Бешикташ» футбол клубының басшылығы соңғы сәтсіздіктерден кейін радикалды қадамдарға бармақшы деп жазады Sports.kz.

Соңғы ойында «Бешикташ» «Газиантеп» клубынан 0:2 есебімен жеңіліп қалған болатын. Осы матчта Зайнутдинов алғаш рет қорғаушыдан жартылай қорғаушы амплуасына ауысқан еді.

Түркия БАҚ өкілдерінің жазуынша, осы сәтсіз ойындардан кейін клуб басшылығы бас бапкер Фернанду Сантушты шақырып, оған бірнеше ойыншыны маусым соңына дейін алаңға шығармауды тапсырыпты. «Қара тізімде» Онур Булут, Джо Уорралл, Бақтиер Зайнутдинов, Рашид Геззаль, Венсан Абубакар, Дэниел Амарти, Йонас Свенссон және Джексон Мулека бар.

Алайда, клуб өкілдері бұл ақпаратты ресми растаған жоқ. Келесі ойынды «Бешикташ» өз алаңында «Антальяспорға» қарсы өткізеді. Матч 16 наурызға жоспарланған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам