Магомед Адиев негізгі құрамға үш ойыншыны алған жоқ

Редактор
21.03.2024, 15:23

Олардың қатарында Нұралы Әліп те бар

Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Грекиямен болатын ойынға үш ойыншыны алмайтынын растады.

Айта кетейік, қос құрама арасындағы матч 21-нен 22-не қараған түні Афиныда өтеді.

Адиев бекіткен негізгі құрамда тәжірибелі қорғаушы Нұралы Әліп, жас дебютант Әділхан Таңжарықов пен шабуылшы Иван Свиридов жоқ. Әліптің «сары қағазы» көп болғандықтан ол осы ойынды трибунадан тамашалайды. 

Ал, бұған дейін хабарланған 23 ойыншының бәрі бапкер тізіміне енгізілді. Олардың 11-і алаңға шықса, қалғандары қосалқы құрамда өз кезегін күтеді.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i